Журнал туралы

«Қарағанды университетінің хабаршысы» журналы, «Физика» сериясы, рецензияланған ғылыми журнал, 1996 жылдан бастап шығарылады.

ISSN: 2518-7198 (Print);

ISSN: 2663-5089 (Online).

Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды қайта есепке қою туралы куәлік, № KZ38VPY00027378, берілген күні 30.09.2020ж.

Басылым ISSN 2518-7198 (Print) ISSN: 2663-5089 (Online) халықаралық орталығында тіркелген. Журналдағы мақалалардың электрондық нұсқасы https://physics-vestnik.ksu.kz/ сайтында ұсынылды.

Баспагер: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті.

Индекстеу: Web of Science платформасындағы Emerging Sources Citation Index (ESCI), Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі (РҒДИ); «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (ҰМҒТСО), Қазақстандық дәйексөз базасы (ҚазДБ), Google Scholar ғылыми ақпарат агрегаторы.

Журнал Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитеті ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын басылымдар тізбесіне ( ҒЖБССҚЕК ұсынған журналдардың тізімі) кіреді.

Журнал CrossRef мамандандырылған референттік библиографиялық қызметіне енгізілген, әр авторлық мақалаға DOI (Digital Object Identifier) - электрондық құжаттарға дәйексөз, сілтеме және шығуды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын объектінің сандық идентификаторы тағайындалады. DOI журналы: https://doi.org/10.31489/2518-7198 

Журнал DOAJ (Directory of Open Access Journals) жоғары сапалы, ашық рецензияланған журналдардың ең үлкен онлайн каталогына енгізілген. Журналдың басты бетіне сілтеме:  DOAJ: https://doaj.org/toc/2663-5089

Мақсаты: «Қарағанды университетінің хабаршысы. Физика сериясы» журналының негізгі мақсаты теориялық немесе эксперименттік зерттеулердің жаңа нәтижелерін қамтитын қазіргі заманғы физика мен техниканың өзекті мәселелерін баспаға шығару.

Журнал іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша жаңа ғылыми әзірлемелер мен техникалық шешімдердің нәтижелерін ғылыми қоғамның кең ауқымына ақпараттандыруды өзінің міндеті етіп қояды.

Журналдың редакциялық саясаты келесі қағидаттарға негізделеді: - мақалаларды жариялау мақсатында таңдау кезіндегі объективтілік және бейтараптық;

 

 - ғылыми зерттеулер сапасына жоғары талаптар қою;

 

 - мақалаларды жариялау туралы шешім қабылдаудағы алқалық;

 

 - авторлармен байланыстағы қолжетімділік пен тиімділік;

 

 - авторлық және сабақтас құқықтарды қатаң сақтау;

 

 - журналдың шығу кестесін қатаң сақтау.

 

Журнал физика ғылымының түрлі салаларының жетістіктерін көрсететін бөлімдерден тұрады:

- конденсирленген күй физикасы;

- жылуфизика және теориялық жылу техникасы;

- техникалық физика.

Журнал жарияламайды:

- журнал тақырыбына сәйкес келмейтін материалдарды;

- авторлардың бұрын басқа басылымдарда жариялаған материалдарын;

- орфографиялық, математикалық қателері бар немесе түзетілуі мүмкін емес өзге қателері бар материалдарды, сондай-ақ белгіленген ғылыми фактілерге тікелей қайшы келетін тұжырымдар мен гипотезаларды қамтитын мақалаларды.

Мерзімі: жылына 4 рет (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан).

Басылым тілдері:Aғылшын

Журналдың деректері: Мерзімді ғылыми басылымның толық атауы: Қарағанды университетiнiң хабаршысы, Физика сериясы / Вестник Карагандинского университета. Серия Физика / Bulletin of the University of Karaganda-Physics.

Меншік иесі: «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде 23.10.2012 ж. № 13107–Ж тіркелген.

Редакцияның мекен-жайы: 100024, Қазақстан, Қарағанды қ., Университетская к-сі, 28

Бас редактор: Аймуханов А.К.

E-mail: a_k_aitbek@mail.ru

Орындаушы редактор: Карабекова Д.Ж.

E-mail: karabekova71@mail.ru

Сайт:https://physics-vestnik.ksu.kz/

Текущий выпуск

2025, 30, 1 (117)
Опубликован: 2025-03-21

Бүкіл шығарылым

КОНДЕНСАЦИЯЛАНҒАН КҮЙДІҢ ФИЗИКАСЫ

ЖЫЛУ ФИЗИКАСЫ ЖƏНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖЫЛУ ТЕХНИКАСЫ

ТЕХНИКАЛЫҚ ФИЗИКА

Показать все выпуски